Президент сақтандыру және құнды қағаздар нарығын жетілдіруді тапсырды

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2026 12:57 Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында сақтандыру және құнды қағаздар нарығын дамыту мәселесіне тоқталды.

Мемлекет басшысы сақтандыру және құнды қағаздар нарығын дамыту мәселесіне тоқталды.

"Әлемде банктермен қатар сақтандыру және құнды қағаздар нарығы ұзақ мерзімді капиталдың көзі саналады", — деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев отандық қаржы жүйесіндегі сақтандыру секторының мардымсыз екенін атап өтті.

"Отандық қаржы жүйесіндегі сақтандыру секторының үлесі мардымсыз – 5 пайыз ғана. Мұндай жағдайды місе тұтуға болмайды".

Мемлекет басшысының айтуынша, мәселені шешудің жолы цифрлық технологияларды пайдаланып, сақтандыру өнімдерінің түрін көбейту және қолжетімділігін арттыруда.

"Сақтандыру нарығын мемлекеттің, азаматтар мен бизнестің ықтимал тәуекелдерге ортақ жауапкершілік мәдениетін қалыптастыратын маңызды институт ретінде қарастырған жөн. Мұндай тәсілге көшу үшін дамыған елдердің үлгісіне сай міндетті сақтандыру түрлерін көбейту қажет. Банктер мен сақтандыру компаниялары ұзақ мерзімді қор жинауды күшейтсе, бұл құнды қағаздар нарығының дамуына тың серпін береді", — деп қосты Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, құнды қағаздар нарығының дамуы макроэкономикалық тұрақтылық көрсеткіші екенін атап өтті.

"Құнды қағаздардың дамыған нарығы – макроэкономикалық тұрақтылықтың маңызды көрсеткіші. Ал оның ауқымы инвесторлардың сенім деңгейі қандай екенін білдіреді".

Президент реттеу органдарына нақты тапсырма берді:

"Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банкке 1 қыркүйекке дейін сақтандыру және қор нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын. Оны тиімді іске асыру үшін сақтандыру және құнды қағаздар туралы жаңа заңдар қабылдау қажет деп санаймын".
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: