Тоқаев азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жиын өткізді

Жиын, Тоқаев, азаматтардың құқығын қорғау, қоғамдық тәртіп, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2026 19:10 Сурет: Ақорда
Ақордада азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жиын өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен жұмыс кеңесіне Президент әкімшілігі, Қауіпсіздік кеңесі және құқық қорғау органдарының жетекшілері қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 11 ақпанда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жиында елімізде азаматтардың заңды құқықтарын қорғау және "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасына сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Сондай-ақ Президент кеңеске қатысушыларға Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы бойынша жұмыс істеген Конституциялық комиссия қызметінің қорытындысы жөнінде мәлімет берді.

Бұған дейін Конституциялық комиссия Мемлекет басшысына жаңа Конституцияның қорытынды жобасын ұсынған болатын. Сондай-ақ бүгін, 2026 жылы 11 ақпанда Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: