Референдумға белсенді қатысқан азаматтарға ризашылығым шексіз - Қасым-Жомарт Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев референдумға қатысқан азаматтарға алғыс білдірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.03.2026 14:03 Сурет: akorda.kz
2026 жылғы 21 наурызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысында референдумға қатысқан азаматтарға шынайы алғысын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы жұртшылықтың белсенділігін ерекше атап өтті:

"Референдумға халық өте белсенді қатысты, бұл қуанарлық жағдай. Осы сайлау науқаны ырысты ынтымағымызды паш етті. Біз азаматтарымыздың отаншылдық рухын айқын сездік", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Түркістан облысының әрдайым елдік іс-шараларға белсенді қатысып, жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайтынын айтты.

"Бұл жолы да сіздер ауызбіршіліктің озық үлгісін көрсеттіңіздер. Түркістан референдумда Ата заңды қолдаған ең белсенді облыстардың қатарында тұр. Дауыс берген жұртшылықтың 92,21 пайызы жаңа Конституцияны қолдады", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев киелі Түркістанда мемлекетіміздің тағдырына бей-жай қарамаған барлық азаматтарға шынайы ризашылығын білдірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: