Тоқаев БҰҰ-ның жоғары өкілдерімен экология және жаһандық қауіп-қатерлерді талқылады

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы-ның жоғары деңгейлі делегациясымен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2026 13:07 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы-ның жоғары деңгейлі делегациясымен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында тараптар Орталық Азиядағы және одан тыс өңірлердегі экологиялық мәселелерді шешудегі БҰҰ-ның рөліне қатысты мәселелерді талқылады. Мемлекет басшысы өңірлік экологиялық саммит пен жиынның күн тәртібін әзірлеуге БҰҰ-ның қосқан үлесін жоғары бағалады.

Президент қазіргі геосаяси тұрақсыздық жағдайында климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның нашарлауы және су ресурстары тапшылығы сияқты жаһандық сын-қатерлерге қарсы бірлескен іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.

"Қазақстан тиімді әрі көпжақты дипломатияны қолдайды. Геосаяси ахуал күрделенген, халықаралық құқыққа қысым артқан құбылмалы кезеңде біз сіздермен кездесіп отырмыз. Халықаралық қоғамдастық бұл мәселелерді БҰҰ және өзге де көпжақты алаңдар арқылы бірлесе шешуі тиіс", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның жаһандық мәселелерді шешудегі әмбебап халықаралық платформа ретіндегі баламасыз рөліне тоқталып, ұйымның тиімділігі мен беделін арттыруға бағытталған Бас хатшының UN80 бағдарламасын қолдайтынын жеткізді.

Сондай-ақ Президент Қазақстанда әділетті әрі орнықты мемлекет құруға бағытталған ауқымды реформалар жалғасып жатқанын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: