Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда жеңіске жеткен Румен Радевты құттықтады
Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария премьер-министрі болып сайланған Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылы 9 мамырда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:
"Мемлекет басшысы жеделхатта Румен Радевті "Прогрессивті Болгария" коалициясының парламенттік сайлаудағы айқын жеңісімен және Болгария Республикасының премьер-министрі болып сайлануымен құттықтады. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достыққа құрылған ынтымақтастық бірлескен күш-жігердің арқасында одан әрі беки түсетініне сенім білдірді. Сондай-ақ Румен Радевтің аса жауапты қызметіне табыс, ал Болгария халқына құт-береке тіледі".
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеудегі Қызыл алаңда Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай өткен әскери шеруді тамашалағанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript