Астанада LRT жобасының екінші кезеңі іске асырыла бастады

ЛРТ, Астана, екінші кезеңі, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2026 14:50 Сурет: Ақорда
Қоғамдық көлікті одан әрі дамыту мақсатында LRT жобасының екінші кезегі іске асырыла бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 16 мамырда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:

"Атап айтқанда, "Астана-1" вокзалы, "Жағалау" шағын ауданы, Қосшы қаласы бағыты бойынша жаңа желінің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. 20 станциядан тұратын екінші кезеңнің жалпы ұзындығы 26,5 шақырымды құрайды".

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев LRT құрылысын жүргізіп жатқан қытайлық компания өкілдері мен CTS Transportation, Astana LRT жұмысшыларына сәттілік тілеп, жобаны одан әрі жалғастыруды тапсырғаны да нақтыланады.

Сурет: Ақорда

ЛРТ, Астана, қытай компаниясы, Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2026 14:50

Сурет: Ақорда

Бұған дейін президент Astana LRT жұмысын іске қосқаны хабарланған. Сондай-ақ Мемлекет басшысына Астанадағы LRT жүйесімен қатынау үшін 001 сериялы карта берілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: