Қазақстанда жер ресурстары жаңа технологиялардың көмегімен бақыланатын болады

Жер ресурстары, Тоқаев, заң, топырақ, қорғау, жаңа технологиялар, жер қатынастары, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2026 20:52 Сурет: pexels
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев топырақты қорғау, жер қатынастары және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі қос заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 8 шілдеде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:

"Мемлекет басшысы "Топырақты қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", делінген құжатта.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау, жер қатынастары және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Аталған заң жобалары ғылыми зерттеулерді дамытуға, цифрлық технологияларды, Жерді қашықтан зондтау құралдарын және заманауи мониторинг жүйелерін кеңінен қолдануға құқықтық негіз қалыптастырады. Бұл жер ресурстарын басқарудың тиімділігін арттырып, топырақтың жай-күйін уақытылы бағалауға мүмкіндік береді.

Айта кетсек, Сенат депутаттары 2026 жылғы 29 маусымда екі оқылымда "Топырақты қорғау туралы" заңды және оған ілеспе түзетулерді мақұлдады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: