Испания королі Тоқаевқа алғыс хат жолдады
Сурет: Ақорда
Испания королі VI Фелипе Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс хат жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылы 19 тамызда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:
"Король VI Фелипе Испания құрамасының футболдан әлем біріншілігіндегі жеңісімен құттықтағаны үшін Қазақстан президентіне шынайы ризашылығын білдірді. Испания королі алғыс хатында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел игілігі жолындағы жауапты қызметіне табыс тілеп, Қазақстан халқына жылы лебізін жеткізді".
Бұған дейін Мемлекет басшысы жарлыққа қол қойып, Қазақстан Республикасының 2020-2030 жылдарға арналған сыртқы саясат тұжырымдамасына өзгерістер енгізген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript