Қарин Ватикан делегациясымен кездесіп, II бірлескен коллоквиумның ашылуына қатысты

Кездесу, Астана, Ерлан Қарин, Ватикан, делегация, II бірлескен коллоквиум , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2026 19:05 Сурет: akorda.kz
ҚР вице-президенті – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Ерлан Қарин Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі дикастериясының префекті, кардинал Джордж Джейкоб Кувакадпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кардинал Астанаға II бірлескен коллоквиумға қатысу үшін Қасиетті Тақ делегациясын бастап келді.

Кездесу барысында Коллоквиум мен Съезд аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ бірлескен гуманитарлық бастамаларды жүзеге асыру жайы талқыланды.

Кардинал Джордж Кувакад президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Рим Папасы ХІV Леоның ыстық ықыласпен жолдаған сәлемін және Қазақстан халқына арнаған ізгі тілегін жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша Ерлан Қарин мен кардинал Джордж Кувакад ауыр әрі жазылмайтын дертке шалдыққан балалардың өмірін, денсаулығы мен қадір-қасиетін қорғауға арналған II бірлескен коллоквиумның ашылу рәсіміне қатысты.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, діни ұйымдардың, медицина, ғылым және білім беру мекемелерінің өкілдері, сондай-ақ сарапшылар жиналды.

Коллоквиумның ашылуында сөз сөйлеген Ерлан Қарин дінаралық диалог нақты гуманитарлық нәтижелерге бағытталуға тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға тоқталды.

Оның айтуынша, жүргізіліп жатқан өзгерістердің басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Ал балалардың, әсіресе, әлеуметтік тұрғыдан ең осал топтағы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мемлекеттік саясаттағы маңызды басымдықтың бірі саналады.

Коллоквиумға қатысушылар Қазақстан мен Ватиканның бірлескен бастамасы ретінде ұсынылып отырған жазылмайтын дертке шалдыққан балалардың құқықтары туралы хартия жобасын талқылады. Вице-Президент құжатты әзірлеуге қосқан үлесі үшін Дикастерия мен "Бамбино Джезу" госпиталіне алғыс білдіріп, аурухананың біздің елдегі "University Medical Center" корпоративтік қорымен ынтымақтастығын атап өтті.

Сөз соңында вице-президент қатысушыларға жемісті жұмыс пен мазмұнды пікірталас тіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: