ТМД елдерінің басшылары маңызды шешімдер қабылдады: 2028 және 2029 жылдарға атау берілді

2026 жылғы 9 қазанда өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы қорытындысында Достастықтың қызметіне және мүше елдердің алдағы өзара іс-қимылына қатысты бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2026 16:40 Сурет: akorda.kz
2026 жылғы 9 қазанда өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы қорытындысында Достастықтың қызметіне және мүше елдердің алдағы өзара іс-қимылына қатысты бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Достастық мемлекеттері басшыларының шешімімен 2028 жыл Әлеуметтік даму және өмір сапасы жылы, ал 2029 жыл ТМД-ның көлік байланыстары жылы болып жарияланды.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға қатысушы мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты.

Қазақстан Президенті ТМД-ның құрылуы жаппай қақтығыстың алдын алуға мүмкіндік бергенін айтқан еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: