Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

Тоқаев, Мәскеу, ҰҚШҰ, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі, отырыс , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2026 20:46 Сурет: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өткен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, саммитке Қазақстан президентімен бірге Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыков қатысты.

Тоқаев, Мәскеу, ҰҚШҰ, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі, отырыс , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2026 20:46

Сурет: Ақорда

Мемлекеттер басшылары ҰҚШҰ аясындағы ықпалдастықтың негізгі аспектілерін қарастырып, Ұйымның 2026 жылы атқарған қызметінің нәтижесіне баға берді әрі алдағы кезеңге арналған жұмыстың басты бағыттарын айқындады.

Сондай-ақ президенттер халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытқаны үшін Владимир Путинге ризашылығын білдіріп, Ресей тарапының биыл ҰҚШҰ-ға өте нәтижелі төрағалық еткенін атап өтті.

Путин, Тоқаев, Мәскеу, ҰҚШҰ, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі, отырыс , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2026 20:46

Сурет: Ақорда

Президент халықаралық терроризммен күрес, есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл, сондай-ақ жасанды интеллект технологиясының ықпалы ұлғайып келе жатқанын ескере отырып, ақпараттық қауіпсіздікті нығайту бағыттары бойынша күш-жігер жұмылдыру қажет екеніне назар аударды.

Қазақстан президенті сөз соңында ҰҚШҰ-ға төрағалық ететін Тәжікстанның көшбасшысы Эмомали Рахмонды құттықтап, осы жауапты миссияны атқаруда сәттілік тіледі.

Жиын қорытындысы бойынша Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Бірлескен мәлімдемесі қабылданды.

Сонымен қатар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ортақ мүддесіне сай ұжымдық қауіпсіздікті одан әрі нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2026 20:46

Сурет: Ақорда


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: