Жаңалықтар тізбегі
0

Димаш Құдайберген GGG – Canelo жекпе-жегінің алдында әнұранымызды орындайды

Димаш пен Геннадий Сурет: Instagram/dimash.news
Жақсы жаңалықты әншінің Instagram-дағы Dimash.news парақшасы бөлісті. 17 қыркүйек күні Қазақстанның қос мақтанышы бір алаңда бірге өнер көрсетуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша әнші әрі композитор Димаш Құдайберген GGG-дің Канеломен үшінші жекпе-жегі алдында Геннадий Головкинге қолдау көрсетпек. Генадий Головкин Димашты Лас Вегаста өтетін жекпе-жекке арнайы шақырған.

Еліміздің бір туар спортшысы Генадий Головкиннің арнайы шақыртуымен 17 қыркүйек күні Лас Вегас қаласында өтетін GGG - Canelo 3 жекпе-жегі алдында Димаш Құдайберген мемлекеттік әнұранымызды орындап, батырымызға қолдау көрсетуді жоспарлап отыр, - делінген хабарламада.

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте өтеді. Ол Қазақстан уақытымен 18 қыркүйек күні таңертең болады. Жекпе-жектің басталуы шамамен Нұр-Сұлтан уақытымен 8:00-ге жоспарланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз