Димаш Құдайберген Лас-Вегасқа ұшып барды

Димаш пен Геннадий, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2022 13:46 Сурет: Instagram/dimash.news
17 қыркүйек күні Димаш Құдайберген GGG – Canelo жекпе-жегінің алдында әнұранымызды орындайды. Қазақстанның қос мақтанышы бір алаңда бірге өнер көрсетуді жоспарлап отыр. Сол себепті Димаш Лас-Вегасқа ұшып барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әнші бұл туралы өзінің Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

Салам Вегас! Мен осындамын. Қазақтың триумфы болсын, - деп жазды Димаш Құдайберген.

Сонымен қатар Димаш парақшасында ұшақтан түсірілген түнгі Лас-Фегастың видеосын жариялады.

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте өтеді. Ол Қазақстан уақытымен 18 қыркүйек күні таңертең болады. Жекпе-жектің басталуы шамамен Нұр-Сұлтан уақытымен 8:00-ге жоспарланған.

Еліміздің бір туар спортшысы Генадий Головкиннің арнайы шақыртуымен 17 қыркүйек күні Лас Вегас қаласында өтетін GGG - Canelo 3 жекпе-жегі алдында Димаш Құдайберген мемлекеттік әнұранымызды орындап, батырымызға қолдау көрсетуді жоспарлап отырғаны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: