Василий Левит Президент Кубогында үндістандық боксшыны нокаутқа жіберді
![ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2018 15:58](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-78055e42-e144-49b4-aca9-466006b702ca/800x452.webp)
91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финалда Левит үндістандық Санжит Санжитпен айқасты.
Қазақстандық боксшы Василий Левит бокстан ҚР Президенті Кубогында бірінші жекпе-жекте жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқапарат.
91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финалда Левит үндістандық Санжит Санжитпен айқасты. Екінші раундта қазақстандықтың сәтті шабуылынан кейін Санжит нокдаунға түссе де, жекпе-жекті жалғастырды. Кейін Василий қарсыласының басына қатты соққы беріп, оны нокаутқа жіберді. Василий Левит 8 маусымда ширек финалда қытайлық боксшы Ванг Жибаомен рингтке кездеседі.
Еске салайық, ҚР Президентінің Кубогы 5 маусымда Астанада басталып, 10 маусымға дейін жалғасады. Жыл сайынғы турнирге 15 елдің әуесқой боксшылары қатысады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript