Альварестің промоутері: Головкинмен рематч өткізетінімізді қуана хабарлаймын
prosports.kz
Былтыр боксшылар 16 қыркүйекте жұдырықтасып, тең түскен болатын.
Сауль Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя 15 қыркүйекте Геннадий Головкинге қарсы рематч өтетінін хабарлады, деп жазады prosports.kz.
Осылайша, Головкин мен Канелоның командалары екінші жекпе-жектен түсетін табысты қалай бөлісетіндерін келіскен сияқты. Шамасы, GGG табыстың 42,5%-ын, Альварес 57,5%-ын алады.
«15 қыркүйекте біз жекпе-жек өткізетінімізді қуана хабарлаймын! Канело – GGG ІІ», - деп жазды Де ла Хойя.
Кездесу Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтпек. Былтыр боксшылар 16 қыркүйекте жұдырықтасып, тең түскен болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript