Қытай астанасында «Ер Төстік пен Айдаһар» қазақ мультфильмі көрсетілді
Хабар 24
Былтыр толықметражды «Қазақ Елі» тарихи мультфильмі қойылған болатын.
Оны Бейжіңдегі қазақстандық дипломаттар мен ұлттық компания қызметкерлерінің балалары тамашалады, - деп хабарлайды Хабар 24.
Ұйымдастырушылар отанынан жырақта жүрген жас өрендер ана тілі мен мәдениетінен алшақтамас үшін жыл сайын желтоқсан айында осында шара өткізіп тұратынан айтады. Мультфильм басталмас бұрын бүлдіршіндер Қазақстан, туған жер, Президент туралы өлең-жырлар оқыды. Отан туралы мақал-мәтелдер айтты. Жалпы жыл сайын Бейжіңде Тұңғыш Президент күні мен тәуелсіздік мерекесіне орай патриоттық мультфильмдер көрсету игі дәстүрге айналған. Былтыр толықметражды «Қазақ Елі» тарихи мультфильмі қойылған болатын.
Мейірім Амангелді, 5-сынып оқушысы:
– Қашан да арман болған тәуелсіздік,
Жарқ етіп, ашылды-ау бір қара түндік.
Исатай, Махамбеттің туын ұстап,
Бодандықтың тас буын, белін үздік.
Ең басты іс әрі мәнді,
Қуанышпен қарсы алу нұрлы таңды.
Сайладық Қазақстан Президенті деп,
Назарбаев Әбішұлы Нұрсұлтанды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript