Геннадий Головкин жапониялық бокс жұлдызы Риото Муратамен жұдырықтасуы мүмкін
![today.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2018 23:43](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-0e93f103-3a50-49d1-9e1c-2abfd53b29ef/800x452.webp)
Том Леффлер жапондық боксшы Риото Муратамен болатын жекпе-жек туралы пікір білдірді.
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер жапониялық боксшы Риото Муратамен болатын жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Today.kz.
"Жапониядағы Муратамен болатын жекпе-жек ауқымды. Мурата – Жапониядағы ірі бокс жұлдызы, оның телерейтингі ол жақта өте үлкен, егер GGG жекпе-жекке Жапонияға баратын болса, ауқымды шара өтер еді. Біздің Муратаның промоутері мистер Хондомен және Top Rank-тағы Боб Аруммен қатынасымыз жақсы. Сондықтан бұл – жүзеге асатын жекпе-жек", – деді Леффлер.
Леффлер Джеймс Дигейлмен болатын жекпе-жек туралы да пікір білдірген болатын.
Головкин 15 қыркүйекте Сауль Альвареспен екінші рет жұдырықтасады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript