Футболдан клубтық әлем чемпионатының қашан, қайда өтетіні белгілі болды
![Клубтық әлем чемпионаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2021 21:10](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-4620172b-88e6-4c13-a965-a1c3963e468a/800x451.webp)
29 қарашада Швейцарияның Цюрих қаласында клубтық әлем чемпионатының жеребесі тартылады.
Клубтық әлем чемпионаты 2022 жылдың 3-12 ақпан аралығында БАӘ-де өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл турнирге келесі командалар қатысады: "Челси" (Англия), "әл-Хиляль" (Сауд Арабиясы), "әл-Ахли" (Мысыр), "Монтеррей" (Мексика), "Окленд Сити" (Жаңа Зеландия), "әл-Жазира" (БАӘ) және "Палмейрас" (Бразилия). ФИФА баспасөз қызметі.
29 қарашада Швейцарияның Цюрих қаласында клубтық әлем чемпионатының жеребесі тартылады. Лондонның " Челсиі" мен Бразилияның "Палмейрасы" жартылай финал кезеңінде қатарға қосылады.
Турнирдің қазіргі жеңімпазы - немістің "Бавария" футбол командасы. Ол 2020 жылғы футболдан клубтық әлем чемпионатының финалында "Тигрес УАНЛ" командасын 1:0 есебімен жеңген болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript