УЕФА "Астанаға" 150 мың евро айыппұл салып, еурокубоктан аластататынын мәлімдеді
Сурет: uefa.com
Тек, егер аталған клуб 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін берешегі бойынша төлем жасамаса
УЕФА мерзімі өткен кредиторлық берешегі үшін сегіз клубқа санкция салды, оның ішінде қазақстандық "Астана" да бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sports.kz атап өткендей, елордалық клубқа 150 мың еуро көлемінде айыппұл салынды.
"Астанаға" еурокубоктарға қатысудан үш жылға дейінгі мерзімге шеттету түрінде шартты жаза қолданылады, егер олар 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін берешегі бойынша төлем жасамаса.УЕФА ресми сайты
Өткен маусымда "Астана" Қазақстандағы Премьер лигада екінші орынды иеленіп, осылайша ол УЕФА конференциялар Лигасы біліктілігінде өнер көрсету құқығына ие болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript