Шахматтан әлем чемпионаты Қазақстаннан Польшаға ауыстырылды

Халықаралық шахмат федерациясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2021 19:52 Сурет: Instagram/fide_chess
Ол 25-31 желтоқсан аралығында өтеді

Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) рапид және блиц бойынша әлем чемпионатын Польшада өткізетін болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткен аптада қазақстандық шахмат федерациясы FIDE-ге әлем чемпионатын өткізе алмайтынын хабарлады. Себебі Нұр-Сұлтандағы коронавирустық шектеулерге байланысты жарысқа қатысушылардың көпшілігі бір апталық карантиннен өтуі керек еді.

Енді рапид және блиц бойынша әлемдік біріншілікті Варшава қабылдап алатын болды. Ол 25-31 желтоқсан аралығында өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: