Елена Рыбакина әлемнің 12-ші ракеткасы атанды
![WTA рейтингі, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2022 11:00](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-6291f8de-bb96-46ff-8be0-ab93c9b39967/800x451.webp)
Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) рейтингіне сәйкес, қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте бір позицияға жоғары көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz
Vesti.kz мәліметінше, Рыбакина тарихта алғаш рет WTA рейтингінің ТОП-13 үздігі қатарына енді. Қазақстандық спортшы америкалық София Кенинді үш ұпаймен артта қалдырып, алға шықты. Қазақстанның әйелдер теннисі тарихында осындай көрсеткішке бұған дейін ешкім көтеріліп көрмеген.
Рейтингте 11-орында ресейлік Анастасия Павлюченкова (2968 ұпай), ал 10-орында-Тунистің өкілі Онс Гиллер (3500) тұр.
Сондай-ақ, Юлия Путинцева да бір позицияға жоғары көтерілді, ол қазір 42-ші орында (1400). Ал Зарина Дияс өз жағдайын төрт позицияға жақсарта алды, қазір ол 104-ші (732) болып тұр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript