Олимпиада ойындарында тұңғыш рет еліміздің аты қазақша жазылады
Маңызды элементті халықаралық белгіден ұлттық белгіге өзгерту үшін Халықаралық олимпиада комитетінен арнайы рұқсат алынды. Бұл ретте Қазақстан ХОК-тың үш әріптік кодтарының тізімінде KAZ белгісімен қала береді. Өйткені аббревиатура халықаралық стандартқа сәйкес пайдаланылады.
Қазақстан ұлттық Олимпиадалық комитетінің өкілдері ана тілінде дайындалған олимпиадалық киім-кешектің маңызды элементтердің атлеттерге сенімділік беріп, отандастарды қолдаудың символына айналатынына сенімді.
Олимпиада ойындары – ең алдымен үздік атлеттер өз байрағымен шығатын достық пен бейбітшіліктің үлкен фестивалі. Бұл тек спортшылар үшін ғана емес, өз командаларын қолдайтын барлық жанкүйер үшін маңызды оқиға. Олимпиада кезіндегі кез келген жабдыққа басты назар аударылады. Сондықтан ел атауының «QAZAQSTAN» деп жазылуы – ұлттық құраманы және бүкіл елді әлемдік қауымдастық алдында өте маңызды қадам болып саналады.Ұлттық олимпиада комитеті
Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына спортшылар жаңартылған формада аттанады. Көп ұзамай, барша қазақстандық жаңа формамен таныса алады.
Еске сала кетейік, Бейжіңдегі дүбірлі додада қазақстандық атлеттер спорттың 8 түрінен ел намысын қорғайды. Отандық спортшылар 82 жолдамаға қол жеткізген.
Тақырып бойынша оқи отырыңыз
Пекиндегі қысқы олимпиада ойындары: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?