Қазақстан құрамасының Бейжіңдегі олимпиадада киетін формасы таныстырылды
Сурет: Ұлттық олимпиада комитеті
Ұлттық олимпиада комитеті Қазақстан құрамасының Пекин-2022 ойындарында киетін киімін таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан тарихында бірінші рет олимпиада формасында еліміздің аты қазақша жазылады.
Олимпиада құрамасының спорт формасын қазақстандық ZIBROO компаниясы шығарды. Салтанатты топтаманы ресейлік SHISHKIN брендінің негізін қалаушы және дизайнер Дмитрий Шишкин жасады. Топтаманы жасарда екі өндіруші де киімнің жоғары талаптарға сай келуін, эко-шешімдерді және киім дизайнындағы жаһандық трендтерді ескерілді.Ұлттық олимпиада комитеті
Сурет: Ұлттық олимпиада комитеті
Киім кейде ауа райы -20 градус болатын Қытайдың қысқы климатына арнап жасалған. Сондықтан сырт киімде табиғи қаз мамығы бар. Сонымен бірге форманы тіккен кезде жылуды сақтайтын және суықты өткізбейтін заманауи мембраналық материалдар қолданылды. Киім үлкен болып көрінуі мүмкін. Алайда ол өте жеңіл әрі еркін қозғалуға ыңғайлы. Дизайнерлер бұл форманы спортшылар тек спорттық ареналарда ғана емес, өмірде де киетініне сенімді.Ұлттық спорт комитеті
Сурет: Ұлттық олимпиада комитеті
Тақырып бойынша тағы оқыңыз: Пекиндегі қысқы олимпиада ойындары: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript