Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының негізгі 5 ерекшелігі

Олимпиаданың бес түрлі ерекшелігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2022 11:26 Zakon.kz
Төрткүл дүние көз тігіп отырған Олимпиаданың ашылу салтанаты бүгін болады, деп хабарлайды Zakon.kz

Риа Новости таратқан ақпаратқа сәйкес Олимпиаданың негізгі бес фактісі мынадай:

▪ 15 спорт түрінен 109 жүлде жинағы ойнатылады: биатлон, бобслей, тау шаңғысы, керлинг, конькимен жүгіру, скандинавиялық комбинация, шаңғы жарысы, трамплиннен секіру, скелетон, сноуборд, мәнерлеп сырғанау, фристайл, хоккей, шорт-трек.

▪ Жаңа 7 жарыс түрі болады: аралас эстафета (коньки тебу), әйелдер монобобы (бобслей), командалық микст (акробатика, фристайл), биг-эйр (фристайл), аралас эстафета (шорт-трек), командалық микст (шаңғымен трамплиннен секіру), командалық сноуборд кросс.

▪ Ойындар 3 кластер бойынша өтеді: Пекинде (мұздағы спорт түрлері), Яньцинде (тау шаңғысы, бобслей, скелетон және шаңғы спорты) ал Чжанцзякоуда (шаңғы жарысы, биатлон, сноуборд, шаңғымен секіру, фристайл).

▪ Олимпиаданың тұмары - панда Бинг Дундун. Аудармада «бин» мұз, тазалық пен күшті, ал «дундун» – сау, күшті, көңілді дегенді білдіреді.

▪ Бейжің – 2008 жылғы жазғы ойындардан кейін қысқы Олимпиада ойындарын өткізген тарихтағы бірінші қала.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: