Қазақстандық футболист Нұралы Әліп «Зенит» құрамасында жеңіс голын соқты
Қазір Санкт-Петербургтің «Зенит» клубында ойнап жатқан қазақстандық футболист Нұралы Әліп даниялық «Митьюллан» командасымен достық кездесуде Ресей құрамасына жеңіс голын соқты.
Осылайша Нұралы Данияның үш дүркін чемпиондарымен жолдастық кездесуде Санкт-Петербург командасының жалғыз голын соқты. 22 жастағы қазақстандық қорғаушы бұрыштан жіберілген допты баспен тепті. Нұралының бұл голы — Санкт-Петербург командасындағы дебюті.
— FC Zenit in English✨ (@fczenit_en) February 3, 2022Half Time here, the score is 1-0!
Let’s see that goal! 🤩 #ZENFCM 1-0 #AtlanticCup
pic.twitter.com/FVkFY5Vrep
Тағы бір назар аударар қызық жайт — Нұралы даниялықтармен кездесуде өзінің бұрынғы әріптесі Вагнер Лавқа қарсы ойнады. Бразилиялық ойыншы ойыннан кейін өзінің жейдесін Нұралыға берді.
«Қайраттың» қорғаушысы Нұралы Португалиядағы клубтың оқу-жаттығу жиынында Ресей чемпиондары алдында ерекше көзге түсті. Футболист қазір Сергей Семак командасының құрамында.
Нұралы — әлі де «Қайраттың» ойыншысы. Қорғаушының нарықтағы құны 1,7 млн еуроға бағаланып отыр.