Қысқы Олимпиаданың алғашқы алтын медалі норвегиялық Тереза Йохаугке бұйырды
Сурет: Instagram/johaugtherese
Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында медальдардың алғашқы жиынтығы сарапқа салынды, 15 шақырымдық әйелдер арасында шаңғы жарысынан жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz
Скиатлон тәртібі бойынша жарыста қысқы Олимпиада ойындарының алғашқы алтын медалін Норвегия өкілі Тереза Йохауг жеңіп алды.
Ресейлік Наталья Непряева күміс медальға ие болды, ал австриялық шаңғышы Тереза Штадлобер үшінші орынға тұрақтады.
Қазақстан әйелдер құрамасы сапында Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыгин және Валерия Тюленева өнер көрсетті. Өкінішке қарай, қазақстандық шаңғышылар жүлделі орыннан көріне алмады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript