Ақтық сынға шыққан қазақстандық конькиші жүлделі орынға ие бола алмады
Коньки бойынша Қазақстан құрамасынан Надежда Морозова америкалық Мия Килбургпен бірге екінші жұп болып мұз айдынына шықты. Ол әйелдер арасында 3000 метр қашықтықты 4:04.97 уақытта жүгіріп өтті. Алдыңғы екі жүгіру кезінде көрсеткен жақсы көрсеткіштеріне қарамастан Надежда жүлделі орынға жете алмады. Оның алдын 4:01.77 уақытымен жапониялық спортшы Такаги Михо орап кетті.
Осылайша, отандасымыз жарысқа шыққан 30 спортшы ішінде 13-ші орынға тұрақтады.
Бірақ, соған қарамастан Надежда Қазақстанның рекордын жаңартқанын айта кетелік. Бұған дейін Людмила Прокашева бұл қашықтықты 4:05.01 уақытымен еңсерген болатын.
Басқа қашықтықтағы жарыстарда Морозованың өнерін алда әлі тамашалайтын боламыз.