Бас бапкер конькиші Надежда Морозованың жеңілісі туралы: Ол нағыз бабында еді
Сурет: olympic.kz
Конькимен жүгіруден Қазақстан командасының бас бапкері Дмитрий Бабенко отандық спортшылардың Олимпиададағы нәтижелеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz
Дмитрий Бабенконың шағын сұхбаты olympic.kz сайтында жарияланды.
Бас бапкер Надежда Морозованың 3000 метр қашықтықтағы нәтижесі күтпеген жағдай болғанын жасырмады.
Надежда Морозова 3000 метрге жақсы жүгірді. Тіпті оның бұл қашықтықтағы нәтижесі мен үшін күтпеген жағдай екені де анық. Бірақ 1500 метрге жарысар кезде Надеждаға психологиялық тұрғыдан оңай болмады. Қанша дегенмен әлі жас әрі ол қатысып отырған алғашқы Олимпиада.Конькимен жүгіруден Қазақстан командасының бас бапкері Дмитрий Бабенко
Ол Надежда Морозованың медальға таласатын мүмкіндігі болғанын айта келе, келер жылғы әлем чемпионатында үздіктер қатарынан көрінетініне сенім білдірді.
Ол нағыз бабында еді, медальға таласатын мүмкіндігі бар болатын. Өкінішке қарай, қобалжып кетті. Дегенмен Морозованың болашағы жарқын. Бүгін жүлде алмаса да, келесі жылғы әлем чемпионатында үздіктер қатарынан көрінетініне сенемін. Егер бізді бақылап жүрген жанкүйер болса, Надежданың бүкіл маусым бойы тұрақты өнер көрсеткенін жақсы біледі. Дмитрий Бабенко
Дмитрий Бабенко Екатерина Айдованың да нәтижесіне тоқталып өтті.
Ал Екатерина Айдова үшін 1500 метр аса ыңғайлы емес. Ол негізінен 1000 метрге жүгіруге бейімделген. Сол бәсекеге дайындалып жатырмыз.Дмитрий Бабенко
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript