500 метр қашықтыққа конькимен жүгіруден Қытай спортшысы жаңа рекорд орнатты
Сурет: Instagram/gao.tingyu
2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарда конькимен жүгіруден ерлер арасындағы жарыста Қытай спортшысы жаңа рекорд орнатты. Бұл көрсеткіштің авторы – спринтер Тин Ю Гао , қытайлық еңсерген уақыт – 34.32, деп хабарлайды Zakon.kz
Рекордтық 34 секунд қытайлық спортшыға олимпиада алтынын әперді.
Кореялық Мин Куи Ча күміс медальға ие болды, ал жапондық конькимен жүгіруші Ватару Моришиге үшінші орын бұйырды. Осылайша, Азия өкілдері марапат тұғырын жаулай салды.
Спринтерлік жарыста қазақстандық спортшы Иван Аржанников өнер көрсетті.
Ақтық жарысқа 30 үздік қатысты, солтүстікқазақстандық спортшы 28-ші болып келіп, чемпионнан 1.50 секундқа артта қалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript