Бейжің олимпиадасы: Конькимен жүгіруден Дмитрий Морозов жиырмалыққа енді
Сурет: olympic.kz
Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында 1500 метрге конькимен жүгіруден ерлер арасындағы жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz
Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиада комитеті мәлімдеді.
1500 метрге конькимен жүгіруден ерлер арасындағы сынға Қазақстанның атынан Дмитрий Морозов түскен болатын. Ол жеңімпаздан 3.80 секундқа ұтылып, Олимпиаданы 18-орынмен аяқтады.
Аталған қашықтықта Олимпиада рекордын орнатқан нидерландылық Кьелд Нёйс жеңіске жетті. Күміс жүлдені оның отандасы Томас Крол иеленді.
Ал қола жүлде Оңтүстік Корея өкілі Ким Мин Соктың еншісінде кетті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript