Конькимен жүгіруші Елизавета Голубева 2026 жылғы Олимпиадада үздік жетілікке енді
Сурет: olympic.kz
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден әйелдер арасында 1500 метр қашықтықта жарыс өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған бағдарламада Қазақстан құрамасының атынан Надежда Морозова, Елизавета Голубева және Арина Ильященко бақ сынады.
Қазақстандық спортшылардың арасында ең үздік нәтижені Елизавета Голубева көрсетті. Ол 1:54.86 уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, жетінші орын алды.
Надежда Морозова 1:54.86 нәтижесімен 12-орынға тұрақтаса, Арина Ильященко 1:58.43 уақыт көрсеткішімен 24-орында жарысты аяқтады.
Нидерландтық Антуанетта Рийпма-де Йонг 1:54.09 нәтижесімен Олимпиада чемпионы атанды. Күміс медальді норвегиялық Рагне Виклунд (1:54.15) иеленсе, қола жүлде канадалық Валери Мальтеге (1:54.40) бұйырды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript