Шорт-трек: Ольга Тихонова және Яна Хан 2026 жылғы Олимпиадада жарыс жолын аяқтады
Сурет: olympic.kz
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиадада шорт-тректен 1500 қашықтықта ширек финалдық сайыстар өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл сында ел намысын Ольга Тихонова және Яна Хан қорғады.
Айта кетейік, жартылай финалға шығу үшін 1–3-орын алу немесе төртінші орын иегерлері арасында ең үздік уақыт көрсеткішін тіркеу қажет еді.
Нәтижесінде Яна Хан өз тобында 5-орын алып, жарыс жолын аяқтады. Ал Ольга Тихонова өз жарысында 4-орын алып, жартылай финалға өте алмады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript