Қысқы олимпиада: Ақмаржан Қалмұрзаева Олимпиаданы аяқтады

фристайл-акробатика, Бейжің олимпиадасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2022 18:12 Сурет: ҚР Ұлттық олимпиада комитеті
Фристайл-акробатикадан Қазақстан командасының мүшесі Ақмаржан Қалмұрзаева Олимпиаданы 11-орынмен аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиада комитеті мәлімдеді.

Қазақстандық спортшы іріктеу қорытындысы бойынша фристайл-акробатикадан бірінші финалға өтіп, ТОП-12 спортшының қатарына енген болатын.

Өкінішке қарай, финалда Ақмаржан іріктеудегі нәтижесін қайталай алған жоқ. Алғашқы мүмкіндігінде секіру элементтерін орындап, жерге түскенде құлап қалды. Төрешілер 52.36 ұпай берді.

Екінші мүмкіндігінде Қалмұрзаева 71.23 ұпай алып, жалпы есепте 11-і орынға табан тіреді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: