Геннадий Головкин мәлімдеме жасады

бокс, Жапония, жекпе-жек, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2022 14:11 Сурет: Instagram.com/gggboxing
Геннадий Головкин жаттығу лагеріне оралғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл жаңалығын Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

 «Жаттығу лагеріне қайта оралып, командамды көргеніме қуаныштымын. Сәуір айының басына ауыстырылған Риота Муратамен бірігу жекпе-жегінің күні жақын арада белгілі болады деп үміттенемін», – деп жазды ол.

Сурет: instagram.com/gggboxing

Боксшылардың толыққанды лагері 40 күнге созылады.

Айта кетерлігі, 8 сәуір күні Геннадий Головкин 40 жасқа келеді.

Бұған дейін орта салмақтағы супер чемпион (76,2 келіге дейін) Сауль Альварес 2022 жылы қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуі мүмкін екені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: