Жаңалықтар тізбегі
0

Қысқы олимпиадаға қатысқан спортшыларға қанша сыйақы беріледі

Шорт-трек, Абзал Әжіғалиев, Бейжің олимпиадасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2022 10:32 Сурет: olympic.kz
2022 жылғы Қысқы олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан спортшылар мен жаттықтырушыларға жалпы сомасы 140 мың доллар (60 миллион теңгеге жуық) қаражат төлейді. Қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы vesti.kz сайты жазды.

Жазғы және Қысқы олимпиада жеңімпаздарына төленетін төлемдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №1435 қаулысымен реттеледі. Спортшыға алтын медаль алса, 250 000 доллар, күміс алса, 150 000 доллар, ал қола алса, 75 000 доллар сыйақы беріледі. Сондай-ақ сыйақы төртінші, бесінші және алтыншы орындарды иеленген қазақстандықтарға тиесілі – тиісінше 30, 10 және бес мың доллар.

Қазақстандық спортшылар 2022 жылғы Олимпиада ойындарында жүлделі орындарға ие бола алмады. 500 метрге жүгіруде төртінші болып мәреге жеткен шорт-трекші Абзал Әжіғалиев пен аралас эстафетада бесінші нәтиже көрсеткен шорт-трекшілер құрама командасына сыйақы тағайындалады. Әжіғалиевтен бөлек, командада Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Ольга Тихонова және Яна Хан бар.

Осылайша, Бейжіңде ұлттық құраманың ту ұстаушысы Әжіғалиев мемлекет бюджетінен 40 000 доллар (17,1 миллион теңге), ал қалған шорт-трекшілердің әрқайсысы 10 000 доллардан (4,1 миллион теңге) сыйақы алады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: