Қазақстандық боксшы Еуропаның екі дүркін жеңімпазын жер жастандырды
Сурет: olympic.kz
Бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Махмұт Сабырхан Болгарияда "Странджа Кубогы-2022" халықаралық турнирінің 1/2 финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Vesti.kz мәліметінше, оның қарсыласы Еуропа чемпионатының "алтынын" екі рет жеңіп алған ринг қожайыны - болгар спортшысы Даниел Асенов болды (2015, 2017).
Үшінші раундта Сабырханнан ұпай шегерілді, бірақ ол қарсыласын нокдаунға жіберіп, есесін тез қайтарды. Жекпе-жек қазақстандықтың пайдасына шешілді - 4:1.
20 ақпанда Сабырхан чемпионатты жеңіспен бастады. Ол кезде 5:0 есебімен одан неміс Ибрахим Салаха ұтылып қалған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript