Жаңалықтар тізбегі
0

Шетелдік БАҚ Қанат Исламның жеңілісіне қатысты не дейді

Кәсіпқой бокс, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2022 12:40 Сурет: Instagram/islamkanatqazaq
Журналист Франсиско Салазар The Ring басылымы үшін жазған шолуында Қанат Исламның (28-1, 22 KO) британиялық Джимми Келлиден (26-2, 10 КО) неге жеңілгенін сараптап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Vesti.kz шетелдік басылымдағы мақаланы аударып берді.

"Бұл айқаста Қанат Исламда басымдық бар деп есептелген, британиялыққа қарағанда мықты қарсыластармен жұдырықтасқан, алайда, Келли нәтижелі болып шықты. Ислам Джейсон Миндуды нокаутқа түсіргеннен кейін бір жылдан астам рингке шықпады. Бұл оның таймингті есептей алмай, рингке ортасында шырғалып жүргенінен білінді. Қанат кейде тұрысын сол жаққа және қайтадан кері ауыстырып отырды. Дегенмен Келли жоспарынан таймады, джебпен жұмыс істеді және аралас шабуыл жасап отырды. Джимми бастан да, денеден де комбинация жасады, осылай, Қанатты тепе-теңдіктен шығарып отырды. Жекпе-жек соңына таман ұпай санымен ұтылып жатқанын сезген Ислам шабуылды үдетті, алайда, бұл Келлиге бөгет болмады. Ал жақын дистанцияға келгенде британиялық Қанаттан басым болып отырды", - дейді Салазар. 

Айта кетсек, 26 ақпанда қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) WBO Global титулы үшін жекпе-жекте бақ сынап, британдық спортшы Джеймс Килрэйн Келлиден жеңіліп қалды. Бұл оның кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісі екені атап өтілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: