Дэвис Кубогында қазақстандық теннисшілер норвегиялықтарды тағы ұтып кетті

Девис Кубогы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2022 21:19 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық Андрей Голубев пен Александр Недовесов норвегиялық дуэт - Семен Сунне Братхолм мен Виктор Дурасовичті ұтып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандықтардың қарсыласы, негізінен, әу баста норвегиялық теннистің жұлдызы әрі әлемнің сегізінші ракеткасы Каспер Рууд және Норвегияның екінші нөмірлі теннисшісі Виктор Дурасович болуы тиіс еді, бірақ норвегиялықтардың құрамында күтпеген жерден өзгеріс орын алды.

Қазақстан құрамасы Норвегияға қарсы Дэвис Кубогының ақтық сынына өту үшін бақ сынасты.

Қазақстандықтар алаң иелерін екі сетте 7-6, 6-3 есебімен жеңді.

Қазақстанның Норвегияға қарсы ойындарында үш матчтан кейінгі ұпай саны — 2:1.

Келесі ойын күнінде Александр Бублик Каспер Руудпен кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: