Александр Винокуровтың екі ұлы әлемдік велотурда дебют жасады
Сурет: Instagram/alexandrvinokurov
Қазақстандық велошабандоз Александр Винокуровтың егіз ұлы ағайынды Николя мен Александр алғаш рет кәсіпқой ерлер жарысының стартына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz
Astana Qazaqstan Development командасының атынан шыққан Николя мен Александр Винокуровтар әлемдік деңгейдегі «Тур Оман-2022» жарысының бірінші кезеңінен өтті. Ағайындылар өздерінің мансабындағы дебюттік кәсіпқой жарысында жетекші велошабандоздардың қатарында тамаша өнер көрсетті.
Стартта қазақстандық жас велошабандоздардың қасында әлемдік велоспорттың алпауыттары Марк Кевиндиш, Фауста Маснада, Руи Кошта және тағы басқалары болды.
Бірінші кезеңде Николя 32-орынға ие болды. Ал Александр 51-орынға тоқтады. Жарыста 27 жастағы колумбиялық Фернандо Гавирия жеңді. Ол мәре сызығында атақты Марк Кавендишті жеңіп шықты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript