Жаңалықтар тізбегі
0

«Бұл сыйлығым сіздерге»: Александр Герлиц жанкүйерлеріне алғыс айтты

Александр Герлиц Сурет: Ұлттық олимпиада комиететі
Паралимпиадашы Александр Герлиц 2022 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарында қола жүлдені жеңіп алғаннан кейінгі алғашқы эмоциясын бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Горлиц төрт атыс сызығымен 10 шақырымдық биатлон жарысында барлығын дерлік тамаша орындағанын айтты.

Бүгінгі жарыс өте қиын болды. Техникалық тұрғыдан жарысты байыппен бастадым. Қар өзгеше, бірақ шаңғымен жақсы жүре алдым. Соның арқасында жылдамдықты жақсы көрсеттім. Өкінішке қарай, үш рет шалыс кеттім. Бірақ бұл қола медаль алуыма кедергі болған жоқ.Александр Герлиц

Александр 2022 жылы Бейжіңде, Әйелдердің халықаралық күнінде Қазақстан қоржынына алғашқы медальді алып келгеніне өте қуанышты.

Сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл – менің паралимпиададағы алғашқы медалім. 2018 жылы Пхенчханда (20 км шаңғы жарысында) төртінші болдым. Мені қолдап, мен үшін алаңдағандардың барлығына рақмет. Әйелім мен ұлыма сәлем! Мені күтіңдер! Құрметті ханымдар, келіншектер, әжелер, аналар, қазақстандықтар, сіздерді Әйелдердің халықаралық күнімен құттықтаймын! Бақыт, денсаулық, махаббат, бақ-береке тілеймін. Бұл сыйлық бүгін сіздерге. Бізді қолдаған, уайымдаған баршаға шын жүректен рақмет! 2022 жылғы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Александр Герлиц
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: