Таеквондодан Қазақстанның қыздар құрамасы Fajr open турнирінде үшінші орын алды
Сурет: Ұлттық олимпиада комитеті
Қазақстанның таэквондодан әйелдер құрамасы Fajr Open халықаралық турнирінің жеңімпаздары үштігіне енді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан таэквондо федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, қыздарымыздың еншісінде бір күміс, бір қола медаль бар. Күміс Жансел Денизге, (73 келіге дейін) қола Әмина Нұрғазықызынана (62 келіге дейін) тиесілі.
Екінші күні төрт спортшының екеуі ширек финалға шықты: Мария Севостьянова (57 келіге дейін) мен Айгүл Елубай (73 келіден жоғары). Алайда екеуі де жартылай финалға жолдама ала алмай қалды. Жергілікті таэквондошылар озып кетті .
Нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді. Бірінші орында Иран, ал екінші орында Өзбекстан бар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript