Fajr open турнирінде қазақстандық таеквондошылар үш медаль алды
Сурет. Ұлттық олимпиада комитеті
Иранда өткен таеквондодан халықаралық Fajr Open турнирі аяқталды. Қазақстанның ерлер құрамасы жарыстың соңғы күнінде қола медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таеквондо федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, қола жүлдені Нұрлан Мырзабаев (80 келіге дейін) жеңіп алды.
6-9 наурыз аралығында өткен жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы қоржынында бір күміс және екі қола медаль бар.
Еске салсақ, турнирдің алғашқы күнінде Жансель Дениз (73 кг) бен Әмина Нұрғазықызы (62 кг) күміс және қола медаль жеңген еді. Осылайша Қазақстанның әйелдер құрамасы үздік үштікке енді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript