Қазақстандық таеквондошылар Астанадағы турнирде үш алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық таеквондошылар Астанадағы Kazakhstan Open турнирінде үш алтын медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2026 17:22 Сурет: olympic.kz
Астанада таеквондодан ірі халықаралық Kazakhstan Open турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы 13 медаль жеңіп алды.

Алтын медальді Самирхон Абабакиров (68 келіге дейін), Батырхан Төлеуғали (87 келіге дейін) және Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары) иеленді.

Күміс жүлдеге Жавохирхон Исламов (58 келіге дейін), Нұрай Бауыржанова (49 келіге дейін) және Нодира Ахмедова (53 келіге дейін) қол жеткізді.

Қола медальді Баходир Шапулатов (54 келіге дейін), Мерген Ғаниев (80 келіге дейін), Нұрқанат Қожахмет (87 келіге дейін), Рита Бакишева (49 келіге дейін), Аружан Әбдіқадыр (53 келіге дейін), Тоғжан Қазнабек (57 келіге дейін) және Айша Әділбекқызы (62 келіге дейін) жеңіп алды.

Командалық есепте Қазақстан құрамасы екінші орынға ие болды. Бірінші орынды Түркия құрамасы иеленді. Түрік спортшылары бес алтын, бір күміс және он қола медаль жеңіп алды. Үздік үштікті Өзбекстан құрамасы түйіндеді. Олардың еншісінде екі алтын, төрт күміс және бір қола медаль бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: