Қазақстандық таеквондошылар Астанадағы Altaic Cup турнирінде 18 медаль жеңіп алды

Қазақстандық таеквондошылар Астанадағы Altaic Cup турнирінде 18 медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2026 17:01 Сурет: olympic.kz
Астанада таеквондодан халықаралық Altaic Cup турнирі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы 18 медаль жеңіп алды.

Алтын медаль иегерлері қатарында Самирхон Абабакиров (63 келіге дейін), Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары), Айша Әділбекқызы (62 келіге дейін) және Назым Махмұтова (73 келіге дейін) бар.

Күміс жүлдені Тамирлан Тілеулес (58 келіге дейін), Мақсат Орынбасар (74 келіге дейін), Айдана Құмартаева (46 келіге дейін), Нұрай Бауыржанова (49 келіге дейін), Нодира Ахмедова (53 келіге дейін) және Аяулым Асқар (67 келіге дейін) иеленді.

Қола медальді Баходир Шапулатов (54 келіге дейін), Мерген Ғаниев (80 келіге дейін), Бауыржан Хасенов (87 келіден жоғары), Нұрайым Жұмабек (49 келіге дейін), Айдана Сүндетбай (53 келіге дейін), Аружан Найманбаева (67 келіге дейін), Нұрлы Кеңесбек (73 келіге дейін) және Ақсәуле Ерқасымова (73 келіден жоғары) жеңіп алды.

Айта кетейік, бүгін, 23 маусымда жастар құрамалары арасындағы жарыстар өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: