Қазақстан таэквондодан Қытайдағы турнирдің алғашқы күнінде екі медаль жеңіп алды

Қазақстан таэквондодан Қытайдағы турнирдің алғашқы күнінде екі медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2025 17:42 Сурет: olympic.kz
Қытайдың Тайань қаласында таэквондодан President’s Cup – Asia Region халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы екі жүлдеге ие болды.

Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) мен Әзиза Қаражанова (53 келіге дейін) үшінші нәтиже көрсетті.

Екі спортшы да жартылай финалға дейін жеткен. Финалға берілетін жолдаманы сарапқа салған кездесулерде Төлеуғали оңтүстіккореялық Пак Чунсанға есе жіберсе, Қаражанова ирандық Мобине Нематзадеден жеңіліп қалды.

Айта кетейік, Батырхан Төлеуғали мен Әзиза Қаражанова 2026 жылғы Азия чемпионатына қатысуға жолдама жеңіп алды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: