Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы турнирде күміс медаль жеңіп алды

Самирхон Абабакиров таеквондодан Қытайдағы WT President’s Cup турнирінде күміс медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2025 19:26 Сурет: olympic.kz
Самирхон Абабакиров Қытайдың таеквондодан Тайань қаласында өтіп жатқан World Taekwondo President’s Cup – Asian Region халықаралық турнирінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетті.

Алғашқы белдесуінде ол отандасы Дулат Әбдімәлікті жеңіп, ширек финалда тайбэйлік Хуанг Чо Ченгті сенімді түрде ұтты. Жартылай финалда Самирхон Оңтүстік Корея өкілі Жанг Жабиннен басым түсіп, финалға жолдама алды.

Финалда қазақстандық спортшы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы – оңтүстіккореялық Джун Джанға есе жіберді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде үш медаль бар. Бұған дейін Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) мен Әзиза Қаражанова (53 келіге дейін) қола жүлдеге ие болған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: