Таеквондошы Жансель Дениз Азия федерациясы президентінің кубогын жеңіп алды
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық таеквондошылар Азия федерациясы президентінің кубогын сәтті бастады. Бұл туралы Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарыстың алғашқы күнінде Жансель Дениз алтын медаль жеңіп алды.
olympic.kz сайтының жазуынша, финалда жерлесіміз иорданиялық спортшы Рама Абоалробтан (Rama Aboalrob) басым түсті. Қола жүлде ирандық таеквондошылар Захра Киан мен Мелика Мирхоссейнидің еншісінде.
Бұл Жансель Дениздің Ирандағы үшінші медалі. Бұған дейін ол клубтық Азия чемпионаты мен дәстүрлі «Fajr Open» турнирінде күміс медаль иеленді.
Сол арқылы Жансель Оңтүстік Кореяда өтетін Азия чемпионатына жеке жолдама алып отыр. Яғни енді сары құрлық біріншілігінде 73 келіде Қазақстан намысын екі аруымыз қорғайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript