Қазақстандық спортшы конькимен жүгіруден Әлем кубогында сегізінші орынды иеленді

Әлем кубогы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2022 16:38 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық Надежда Морозова конькимен жүгіруден Әлем кубогында 1 500 метр қашықтықта өнер көрсетіп, мәре сызығын сегізінші болып кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық конькимен жүгіру одағы сайтындағы мәліметке сүйенсек, 1500 метрге конькимен жүгіруден қазақстандық спортшы 1:55,26 уақытымен сегізінші нәтиже көрсетті. Жапондық көшбасшы Михо Такагиден бұл көрсеткіш 2,60 секундқа артық.

Жарыс Нидерландының Херенвен қаласында өтті.

Қзақстан атынан спорттың бұл түрінен екі конькиші өнер көрсетті. Надежда Морозова сегізінші орынға жайғасып, үздік ондыққа ілінді. Екатерина Айдова жарысты 12-ші болып аяқтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: