Иранда отандық спортшылар 15 медаль ұтып алды

Таеквондо, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2022 23:56 Сурет: olympic.kz
Тегеранда таеквондодан халықаралық турнирлер сериясы өтті. Азия федерациясының президенті кубогының соңғы күнінде Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Olimpic.kz мәліметінше, 68 келінің өкілі Ерасыл Арапбай қола жүлдеге қол жеткізді. 

Осылайша қазақстандықтар аталған турнирде үш медаль иеленді: Жансель Дениз – алтын, Смайыл Дүйсебай мен Ерасыл Арапбай – қола жүлдегерлер. 

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтар Иран астанасында үш халықаралық жарысқа қатысты: клубтар арасында Азия чемпионаты, дәстүрлі «Fajr Open» турнирі және Азия федерациясы президентінің кубогы. 

Аламан бәйгелер қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасында әртүрлі дәрежедегі 15 медаль бар: екі алтын, үш күміс және 10 қола.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: