Таэквондошы Жансель Дениз әлемдік рейтингте бірінші орынды иеленді

Таэквондо, әлемдік рейтинг, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2022 10:33 Сурет: Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі
Таэквондодан жаңартылған әлемдік рейтингте қазақстандық спортшы Жансель Дениз бірінші орынға ие болды. Бұл – қазақстандық таэквондо тарихындағы алғашқы жетістік, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйелдер арасында 73 келіге дейінгі салмақта Жансель Дениз 139,81 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орынды 107,94 ұпаймен ресейлік Полина Хан иеленді. Үшінші орын 105,60 ұпай алған оңтүстіккореялық Да Бин Лиге бұйырды, деп жазды Sports.kz.

Бұл жеңіске дейін Жансель Денис төртінші орында болатын.

Еске салсақ, ол 2018 жылы Индонезияда өткен Азия ойындарында күміс медаль алып, спорттық мансабында елеулі жетістікке жетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: